ЖАТАҚХАНАЛАРДЫҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 19 тамыз 2026
  • 10

ЖАТАҚХАНАЛАРДЫҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – ректор Наурызбай Байқадамов жаңа оқу жылына дайындық аясында университет балансындағы №5, №3 студенттік жатақханалардың дайындығын тексерді.

WhatsApp Image 2026-08-17 at 10.08.29 (2).jpeg
Ректор жатақханалардың қазіргі жағдайымен танысып, студенттерді орналастыруға дайындық барысын бақылады. Ғимараттардың санитарлық жағдайы, бөлмелердің жабдықталуы, инженерлік желілердің жұмысы, тұрмыстық және оқу орындарының жай-күйі назарға алынды.

WhatsApp Image 2026-08-17 at 10.08.29 (3).jpeg
Сонымен қатар, студенттердің қауіпсіздігіне ерекше мән берілді. Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеуі, кіріп-шығуды бақылау және санитарлық талаптардың орындалуы тексерілді.
Университет басшысы жауапты қызметкерлерге жаңа оқу жылы басталғанға дейін анықталған кемшіліктерді жоюды және студенттерге қолайлы жағдай жасауды тапсырды.

WhatsApp Image 2026-08-17 at 10.08.29 (1).jpeg

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации