«АДАМЗАТ ҒАРЫШТА – 65 ЖЫЛ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРЫНЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 08 қыркүйек 2026
  • 57

«АДАМЗАТ ҒАРЫШТА – 65 ЖЫЛ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРЫНЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Адамзат ғарышта – 65 жыл» атты халықаралық семинардың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Семинар барысында шетелдік қонақтарға сирек кездесетін кітаптар қорымен таныстырылып, құнды басылымдардың тарихы мен ерекшеліктері жөнінде кеңінен ақпарат берілді.

Салтанатты жиында Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева құттықтау сөз сөйлеп, халықаралық кездесудің маңызына тоқталды. Ол мұндай басқосулардың елдер арасындағы білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететінін атап өтті. Ал «Диалог культур» автономды коммерциялық емес ұйымының директоры Александр Измайлов семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.

Семинарда әр елден келген өкілдер өз мемлекеттері мен жоғары оқу орындары туралы таныстырып, білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу аясында өзара ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және халықаралық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.

Халықаралық жиынға Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Моңғолия және Қытайдан келген студенттер мен үйлестірушілер, «Диалог культур» автономды коммерциялық емес ұйымының өкілдері, университет ұжымы мен білім алушылары қатысты.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации