БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 08 қыркүйек 2026
  • 25

БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Психологиялық қолдау орталығынның мамандары №5 жатақхана студенттеріне «Жаңа ортаға сенімді бейімделу» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Тренингтің негізгі мақсаты – білім алушылардың жаңа әлеуметтік және білім беру ортасына бейімделуіне психологиялық қолдау көрсету, өзара тиімді қарым-қатынас орнату дағдыларын дамыту және эмоционалдық тұрақтылығын нығайту. Сонымен қатар, студенттердің мазасыздық деңгейін төмендетуге, жаңа ортада өздерін еркін сезінуіне және ұжымдық бірлікті қалыптастыруға басымдық берілді.

«Тренинг аясында студенттердің өзін-өзі тануына, жеке ерекшеліктерін бағалауына және жаңа ортадағы қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге бағытталған психологиялық жаттығулар жүргізілді. Атап айтқанда, «Менің есімім – менің ерекшелігім», «Мен жалғыз емеспін», «Жаңа ортадағы мен», «Менің ресурстарым» жаттығулары арқылы қатысушылар өзара пікір алмасып, жаңа ортаға бейімделу барысында маңызды психологиялық ресурстарды анықтады»,- деді психологиялық қолдау орталығының маманы Сәндігүл Дәрібаева.

Іс-шара бірінші курс студенттерінің университет өміріне бейімделуіне қолайлы психологиялық орта қалыптастыруға, олардың өзара байланысын нығайтуға және тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталды.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации