ҚЫТАЙ: ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУДА
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 09 қыркүйек 2026
  • 17

ҚЫТАЙ: ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУДА

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің корпоративтік хатшысы, экономика ғылымдарының кандидаты Ақмарал Темирова және заң ғылымдарының магистрі Бекзат Абдуллаева Қытай Халық Республикасының Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан «Шэньчжэнь арнайы экономикалық аймағын дамыту тәжірибесі» атты халықаралық семинарға қатысуда.

Халықаралық семинарды Шэньчжэнь халықаралық экономикалық және технологиялық ынтымақтастықты дамыту қауымдастығы ұйымдастыруда. Іс-шара аясында Қытайдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, арнайы экономикалық аймақтардың ел экономикасын дамытудағы рөлі, сондай-ақ Гуандун провинциясы мен Шэньчжэнь қаласының озық тәжірибесі талқылануда.

Семинардың алғашқы күнінде Қытайдың жаңғыру үдерісі, 1978 жылдан басталған реформалар мен ашықтық саясаты, сондай-ақ елдің экономикалық және технологиялық жетістіктері таныстырылды. Қатысушылар кедейлікті азайту, өнеркәсіп пен ғылымды дамыту, цифрлық экономика, жасанды интеллект, жаңа энергетика және жоғары технологиялық өндіріс бағыттарындағы тәжірибелермен танысты.

Бағдарлама барысында Шэньчжэнь университеті профессорлары мен сарапшыларының дәрістері, Лунхуа ауданы әкімшілігіне және Шэньчжэнь реформалар мен ашықтық академиясына сапарлар жоспарланған.

Сапар аясында университет өкілдері Мысыр, Ирак, Эфиопия және Камбоджадан келген қатысушылармен кәсіби байланыс орнатып, тәжірибе алмасты.

Халықаралық семинарға қатысу Қытайдың озық тәжірибесін зерделеп, оны Қазақстандағы өңірлік экономиканы, арнайы экономикалық аймақтарды, университеттік ғылым мен инновациялық кәсіпкерлікті дамыту бағыттарында қолдану мүмкіндіктерін қарастыруға мүмкіндік береді.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации