«АДАМЗАТ ҒАРЫШТА – 65 ЖЫЛ»: ҚАТЫСУШЫЛАР БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНА ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 10 қыркүйек 2026
  • 26

«АДАМЗАТ ҒАРЫШТА – 65 ЖЫЛ»: ҚАТЫСУШЫЛАР БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНА ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ұйымдастырылған «Адамзат ғарышта – 65 жыл» халықаралық семинары аясында шетелдік қонақтар мен қатысушылар үшін Сыр өңірінің тарихи-мәдени және танымдық нысандарына экскурсия ұйымдастырылды.

Танымдық бағдарлама барысында қатысушылар Қамбаш көліне барып, өңірдің табиғи ерекшеліктерімен танысты. Сондай-ақ, Қармақшы ауданындағы музей мен түркі дүниесіне ортақ рухани мұра саналатын Қорқыт ата мемориалдық кешенін аралады.

Сапардың негізгі бағыттарының бірі – әлемдік ғарыш тарихында айрықша орны бар Байқоңыр қаласы болды. Мұнда қатысушылар ғарыш саласының қалыптасуы мен даму кезеңдерінен сыр шертетін музейлер мен тарихи нысандарды аралап, Байқоңыр ғарыш айлағының тарихына қатысты маңызды мәліметтермен танысты. Бағдарлама аясында ашық аспан астындағы музей мен Ғарышкерлер үйіне де барды.

Экскурсияға Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Моңғолия және Қытайдан келген семинар қатысушылары қатысты.

Іс-сапар шетелдік меймандарға Сыр өңірінің табиғи ерекшеліктері мен тарихи-мәдени мұрасын кеңінен таныстыруға, сондай-ақ Байқоңырдың адамзаттың ғарышты игеру тарихындағы маңызын тереңірек зерделеуге мүмкіндік берді.

Айта кетейік, «Адамзат ғарышта – 65 жыл» халықаралық семинары 6–11 қыркүйек аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен өтуде. Халықаралық басқосу аясында ғылыми-танымдық кездесулермен қатар, қатысушыларды өңірдің тарихи, мәдени және рухани мұрасымен таныстыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өтуде.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации