ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЖАҢА ҚАДАМ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 22 қыркүйек 2026
  • 13

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЖАҢА ҚАДАМ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің өкілдері Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясындағы жиынға қатысуда. Университет атынан Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов пен Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева ғылым саммитінің жоғары деңгейдегі ғылыми дипломатия және жаһандық ынтымақтастық жөніндегі диалогына қатысып, халықаралық ғылыми қауымдастық өкілдерімен пікір алмасты.

WhatsApp Image 2026-09-22 at 13.53.22.jpeg

WhatsApp Image 2026-09-22 at 13.53.22 (1).jpeg

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ICESCO ұйымдастырған кездесуде ғылым дипломатиясын дамыту, халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайту, ғылыми зерттеулердің әлеуетін арттыру және инновациялық жобаларды ілгерілету мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, қазіргі ғылыми-білім беру үдерістеріндегі цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің рөліне, тұрақты даму мақсаттарына және жас ғалымдарды қолдаудың жаңа тетіктеріне назар аударылды.

WhatsApp Image 2026-09-22 at 13.53.30.jpeg

Халықаралық деңгейдегі басқосу университет үшін шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарымен кәсіби байланыстарды кеңейтуге жол ашады. Атап айтқанда, бірлескен ғылыми зерттеулер мен халықаралық жобаларды жүзеге асыру, академиялық ұтқырлықты дамыту және білім алушылар мен жас зерттеушілер үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру бағыттарында өзара ынтымақтастықты күшейтуге негіз болады.
Айта кетейік, халықаралық басқосу 21-22 қыркүйек аралығында жалғасады. Оқу орнының әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіне белсенді араласуы өңірлік ғылымның әлеуетін одан әрі танытуға мүмкіндік бермек.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации