ECOLIFE КЛУБЫ ЖАҢА ҚҰРАММЕН ТОЛЫҚТЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 28 қыркүйек 2026
  • 38

ECOLIFE КЛУБЫ ЖАҢА ҚҰРАММЕН ТОЛЫҚТЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ecolife экологиялық клубының 1-курс студенттерін қабылдау рәсімі өтті.

Іс-шараны Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов ашып, студенттерге экологиялық бастамалардың маңыздылығына тоқталды.

WhatsApp Image 2026-09-26 at 19.33.15.jpeg

WhatsApp Image 2026-09-26 at 19.33.17.jpeg

WhatsApp Image 2026-09-26 at 19.33.20.jpeg

Кеш барысында Инженерлі-технологиялық институтының директоры Бахытбек Абжалелов белсенді студенттерді марапаттап, жаңа оқу жылында экологиялық бағыттағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

Ecolife клубының негізгі мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау идеясын насихаттау және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жобаларды жүзеге асыру.

WhatsApp Image 2026-09-26 at 19.33.19.jpeg

WhatsApp Image 2026-09-26 at 19.33.16.jpeg

WhatsApp Image 2026-09-26 at 19.33.20 (1).jpeg

Қатысушылардың экологиялық білімін арттыру және командалық белсенділігін дамыту мақсатында түрлі ойындар мен флешмоб ұйымдастырылды. Сонымен қатар, студенттерге экологиялық бағыттағы ReStart жобасы таныстырылды.

Айта кетейік, бүгінде Ecolife экологиялық клубының 227 мүшесі бар. Клуб ReStart экологиялық жобасының 10-маусымдық финалында І орын иеленіп, 5 миллион теңге көлеміндегі жүлде қорына ие болды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации