БІШКЕКТЕ БИЛИНГВАЛДЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ БОЛАШАҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ: ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 05 қазан 2026
  • 32

БІШКЕКТЕ БИЛИНГВАЛДЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ БОЛАШАҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ: ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қызметкерлері мен студенттері Бішкек қаласында өткен «Бүгінгі билингвалды білім беру: жаһандық сын-қатерлер және тиімді тәжірибелер» атты II халықаралық форумға қатысты.
Халықаралық форумды Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қырғыз-Ресей Славян университеті, Ресей халықтар достастығы университеті, Ресей-Армян университеті және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті бірлесіп ұйымдастырды.
Халықаралық  форумда билингвалды білім беруді дамытудың заманауи бағыттары, цифрлық технологиялардың білім беру үдерісіндегі рөлі, жасанды интеллект мүмкіндіктері және педагог даярлаудың жаңа модельдері кеңінен талқыланды.

WhatsApp Image 2026-10-05 at 16.02.44 (1).jpeg

Форумға түрлі елдердің жоғары оқу орындарының өкілдері, ғалымдар, оқытушылар, әдіскерлер мен жас зерттеушілер қатысып, қазіргі билингвалды білім берудің өзекті мәселелерін саралады. Сонымен қатар жаңа педагогикалық модельдер, цифрлық трансформация жағдайындағы тілдік білім берудің даму бағыттары және білім беру бағдарламаларын жаңғырту мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.
Форум жұмысына Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Оқу үдерісін ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру басқармасының басшысы Дина Мұратқызы, «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының жетекшісі Сауле Жарбулова және университет студенттері қатысты.
Атап айтқанда Сауле Жарбулова «Қазақстанның білім беру экожүйесіндегі орыс тілі: білім беру бағдарламаларын жобалау тәсілдерінің трансформациясы» тақырыбында баяндама жасады.
Дина Мұратқызы «Билингвалды білім беру жағдайында болашақ маманның коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру факторы ретіндегі өзіндік жұмыс» тақырыбында баяндама жасап, студенттердің өзіндік жұмысының кәсіби және коммуникативтік құзыреттерді қалыптастырудағы маңыздылығына тоқталды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации