ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБА ӘЗІРЛЕДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 16 қазан 2026
  • 78

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБА ӘЗІРЛЕДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 1-курс студенті, 19 жастағы Нұрдәулет Дүзенов ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға бағытталған AgriX интеллектуалды платформасын әзірледі.

Жоба егістік туралы деректерді – топырақ құрамы, ауа райы, ылғал деңгейі, дақылдың даму кезеңі және спутниктік ақпаратты – жасанды интеллект арқылы талдап, ауылшаруашылығы өндірушісіне суару, тыңайтқыш енгізу және егістікті күтіп-баптау бойынша нақты ұсынымдар береді.

WhatsApp Image 2026-10-16 at 08.58.20.jpeg

Платформаның алғашқы прототипі Қызылорда облысындағы жүгері алқабында сынақтан өткізілді. Жүйенің алдын ала болжамы гектарына 9,8 тонна болған. Пилоттық сынақ барысында өнімділік гектарына 6–7 тоннадан 10,2 тоннаға дейін артқан.

AgriX жобасының ғылыми ерекшелігі – жасанды интеллект технологияларын агрономиялық әдістемелермен ұштастыруында. Өнімділікті болжауда XGBoost машиналық оқыту алгоритмі, ал су қажеттілігін есептеуде FAO-56 әдістемесі қолданылады. Қазіргі таңда платформада 62 ауыл шаруашылығы дақылы бойынша мәлімет қамтылған.

00001.jpeg

20300.jpeg

Жобаның негізгі маңызы – ауыл шаруашылығында деректерге негізделген шешім қабылдау мүмкіндігін қалыптастыру. Бұл су мен тыңайтқышты тиімді пайдалануға, ауылшаруашылығын өндірушіге шығынын азайтуға және өнімділікті арттыруға бағытталған.

Қазіргі уақытта AgriX пилоттық сынақ кезеңінде. Алдағы уақытта алгоритмдердің дәлдігін жетілдіру, сынақ ауқымын кеңейту, платформаны топырақ көрсеткіштерін нақты уақытта өлшейтін датчиктермен ықпалдастыру және коммерциялық қолданысқа шығару жоспарлануда.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации