БАС ОҚУ ҒИМАРАТЫНДА «СОТ МЕДИЦИНАСЫ» ДӘРІСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 16 қазан 2026
  • 44

БАС ОҚУ ҒИМАРАТЫНДА «СОТ МЕДИЦИНАСЫ» ДӘРІСХАНАСЫ АШЫЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Қызылорда облысы бойынша Сот сараптамалары институтының ұйымдастыруымен «Сот медицинасы және құқық: заманауи сараптамалық практика мен құқықтық үрдістердің интеграциясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ғылыми жиын сот медицинасы мен құқық салаларының өзара байланысын нығайтуға, сот сараптамасының заманауи мәселелерін талқылауға және халықаралық тәжірибе алмасуға арналды. Конференция сот медицинасы саласының ардагері, «Алтын дәрігер» төсбелгісінің иегері Қамбар Сексеновтің 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2026-10-16 at 16.17.21 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-16 at 16.17.21 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-16 at 16.17.22.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-16 at 16.17.23.jpeg

Конференцияның ашылуында университеттің Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева құттықтау сөз сөйлеп, жиынның маңыздылығына тоқталды. Ол сот сараптамасы саласындағы ғылыми жетістіктерді талқылау, озық тәжірибелермен бөлісу және болашақ мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру бағытындағы мұндай кездесулердің мәнін атап өтті.

Жиында Қызылорда облысы бойынша Сот сараптамалары институтының директоры Ержан Примбетов, Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Бактыбек Батырбаев және АҚШ-тың Батыс Иллинойс университетінің профессоры Владимир Сергеевнин баяндама жасады. Сонымен қатар Молдова Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы жөніндегі ұлттық орталығының өкілдері Ольга Катарага мен Пётр Петкович онлайн форматта өз баяндамаларын ұсынды.

WhatsApp Image 2026-10-16 at 16.17.24.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-16 at 16.17.22 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-16 at 16.17.24 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-16 at 16.17.25.jpeg

Конференция барысында ДНҚ-тестінің құқық қорғау қызметі мен сот-медициналық сараптамада қолданылуы, сот-медициналық сарапшы қорытындысының дәлелдемелік маңызы, бас-ми жарақаттарының құқықтық шешімдер қабылдауға ықпалы, сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу үдерістерін автоматтандыру, сондай-ақ сот медицинасының қылмыстық-құқықтық қызметтегі рөлі талқыланды.

Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

WhatsApp Image 2026-10-16 at 16.17.24 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-16 at 16.17.25 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-16 at 16.17.25 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-16 at 16.17.26.jpeg

Халықаралық конференция сот медицинасы мен құқық саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, ғылыми байланыстарды дамытуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар жиын Қамбар Сексеновтің көпжылдық еңбегін ұлықтап, сала мамандарының кәсіби сабақтастығын нығайтуға бағытталды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации