СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 20 қазан 2026
  • 75

СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Қауіпсіз орта – қауіпсіз студент – жарқын болашақ: студент жастардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға буллинг пен кибербуллингтің, зорлық-зомбылықтың, тәуелділік пен лудоманияның алдын алу, эмоционалдық әл-ауқатты сақтау, психологиялық қолдау алу, цифрлық қауіпсіздік пен құқықтық сауаттылық мәселелері бойынша ақпарат беру. Сондай-ақ студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Психологиялық қолдау орталығының қызметімен таныстыру.

WhatsApp Image 2026-10-20 at 17.03.10 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-20 at 17.04.55.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-20 at 17.03.10 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-20 at 17.03.11 (2).jpeg

Семинардың ашылуында Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Уәлихан Ибраев алғысөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Іс-шараға университеттің Психологиялық қолдау орталығының бас маманы Сәндігүл Дәрібаева модераторлық етті.

Семинарға облыстық және қалалық психологиялық қолдау, денсаулық сақтау, отбасын қолдау ұйымдарының мамандары мен білім алушылар қатысты.

WhatsApp Image 2026-10-20 at 17.03.10.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-20 at 17.03.11.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-20 at 17.03.11 (1).jpeg

Кездесу барысында Облыстық психологиялық қолдау орталығының әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі Жания Бисенова, Облыстық жастар денсаулығы орталығының психологі Индира Қаниева, Облыстық психикалық денсаулық орталығының психологі Талғат Айтбай және Қызылорда қаласының Отбасын қолдау орталығының психологі Асель Мүсілімова кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

Мамандар студент жастардың психологиялық қауіпсіздігіне әсер ететін негізгі факторларға тоқталып, түрлі қауіп-қатерлердің алдын алудың заманауи әдістері мен психологиялық көмекке жүгіну жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, білім алушылардың эмоционалдық саулығын нығайту және қиын жағдайларда дер кезінде қолдау көрсету мәселелері талқыланды.

WhatsApp Image 2026-10-20 at 17.03.08.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-20 at 17.03.09.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-20 at 17.03.07.jpeg

Семинар соңында қатысушылар мамандарға сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты. Іс-шара білім алушылардың психологиялық және құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ қауіпсіз әрі қолайлы университеттік орта қалыптастыруға бағытталды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации