МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ МАҢЫЗЫ МЕН КӘСІБИ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 13 қараша 2026
  • 89

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ МАҢЫЗЫ МЕН КӘСІБИ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Мемлекеттік қызмет – менің таңдауым!» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – білім алушыларға мемлекеттік қызметтің қоғамдағы маңызын түсіндіру, кәсіби бағдар беру және сала мамандарының тәжірибесімен таныстыру.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы, университет түлегі Сәкен Әміржан, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының бас маманы, университет түлегі Нұржан Жарылқасын, Қызылорда қаласы Ақсуат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, университет түлегі Медет Мұратов және Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының жоспарлау, есептілік және сапаны бақылау бөлімінің маман-әдіскері Елнұр Манап қатысты.

WhatsApp Image 2026-11-13 at 08.55.35.jpeg

Қонақтар мемлекеттік қызметке келу жолы мен кәсіби тәжірибесі туралы айтып, қызмет барысында кездесетін жауапкершілік пен сын-қатерлерге тоқталды. Сондай-ақ білім алушыларға мамандық таңдау, кәсіби даму және мемлекеттік қызметке орналасу жөнінде кеңес берді.
Кездесу барысында «Миф пе, шындық па?» айдары, Kahoot зияткерлік ойыны, «Ашық микрофон» сұрақ-жауап алаңы және «Болашақ мемлекеттік қызметшіге аманат» бөлімі ұйымдастырылды. Білім алушылар белсенділік танытып, мамандардан өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды.

WhatsApp Image 2026-11-13 at 08.55.35 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-13 at 08.55.35 (2).jpeg

Сонымен қатар «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының 2025–2026 оқу жылындағы түлектері Айсағали Әмірғалиұлы мен Ақбота Раушанбектің жоғары GPA көрсеткіші негізінде мемлекеттік қызметке қабылданғаны айтылды. Түлектердің жетістігі білім алушыларға кәсіби дамудың үлгісі ретінде ұсынылды.
Іс-шара мемлекеттік қызметтің халық сенімін арқалайтын, ел алдындағы жауапкершілікті талап ететін маңызды сала екенін түсіндіруге және жастардың кәсіби қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации