«ЖАУҚАЗЫН» СТУДЕНТТІК ТЕАТРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЕ АРНАЙЫ ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 23 қараша 2026
  • 105

«ЖАУҚАЗЫН» СТУДЕНТТІК ТЕАТРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЕ АРНАЙЫ ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Жауқазын» студенттік театры «Үміт» V республикалық студенттік театр фестиваліне қатысып, Бағжан Елтай атындағы арнайы жүлдені иеленді.

WhatsApp Image 2026-11-23 at 09.08.50 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-23 at 09.08.51 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-23 at 09.08.51.jpeg

Фестиваль аясында театр ұжымы көрермен назарына «Сенің кезегің…» атты авторлық трагедиялық қойылымын ұсынды. Қойылымда актерлердің шеберлігі, сахналық мәдениеті мен шығармашылық ізденісі көрініс тапты.
Сахнадағы жарқын өнері және актерлік шеберлігі үшін «Жауқазын» театрының актрисасы Айымжан Пернебай арнайы марапатқа ие болды. Сондай-ақ студенттік театрдың жетекшісі Ақниет Мәуленге алғыс хат табысталды.

WhatsApp Image 2026-11-23 at 09.08.51 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-23 at 09.08.51 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-23 at 09.08.50.jpeg

Айта кетейік, бүгінде «Жауқазын» студенттік театрының құрамында 40-қа жуық білім алушы бар. Театр ұжымы осы уақытқа дейін «Шәмші сүйген Изольда», «Қарагөз», «Қош, махаббат!», «Махаббат мұнарасы», «Мәңгілік бала бейне», «Шолпанның күнәсі» және басқа да қойылымдарды сахналап, университеттің мәдени өміріне белсенді үлес қосып келеді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации