Мамандар дайындаудағы ЖОО мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастық
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 12 қаңтар 2022
  • 1297

Мамандар дайындаудағы ЖОО мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастық

«Электр энергетикасы және өміртіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Мамандар дайындаудағы ЖОО мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастық» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға 6В07155 – «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша биыл қанат қаққалы отырған бітіруші оқу тобының студенттері мен өндіріс орындарынан жұмыс беруші өкілдердің қатысты.
Шараға «Қазақэнергосараптама-Қызылорда» ЖШС бас сарапшы – эксперті  Мейрамбек Ахметов, «Қызылорда электр тарату компаниясы» АҚ бас инженердің орынбасары, еңбек қорғау және жабдықтарды пайдалануды қадағалау бөлімінің бастығы     Сейтасқар Бақтыбаев, «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК электр цех бөлімінің басшысы Төрехан Сапаров, «ПетроҚазақстан Кумколь Сервис» АҚ еңбек қауіпсіздігі  және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің I дәрежелі инспекторы Табынбай Төребек, «Кристалл менеджмент» АҚ газ-турбиналы электр стансасының инженер-электригі Асылбек Балтеков, «Кумколь-Сервис» ЖШС электр цехы басшысының орынбасары және ZOOM платформасы арқылы Нұрғазы Айтілесов, Оңтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университеті профессоры, т.ғ.д., СӘкен Шерьязов қатысып, болашақ жас мамандарға мамандықтың қыр-сырын, қызықшылығы мен қиыншылығын түсіндіріп берді.
Жиын барысында «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК  мен «Қызылорда электр тарату компаниясы» АҚ  өкілдері «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасының жұмыс оқу жоспарына электр энергетикасының кәсіби қызметі саласындағы қажеттіліктердің артуына байланысты келесідегі пәндерді енгізуге ұсыныс білдірді:
- Қазіргі заманғы электр желілері;
- Электр энергетикасындағы ақпараттық технологиялар
- Инновациялық электр жабдықтары
 
 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru
 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...