2022-2023 оқу жылына арналған магистратураға білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 11 қаңтар 2023
  • 1947

2022-2023 оқу жылына арналған магистратураға білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

2022-2023 оқу жылына арналған магистратураға білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша берілді, оның құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер және Қазақстан Студенттер альянсының өкілдері кірді.

Магистратураға қысқы конкурстың қорытындысы шығарылды.

26 желтоқсанда Республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті.

Отырыста комиссия конкурсқа қатысушылардың барлығының тестілеу нәтижелерін олардың балдарына сәйкес қарады.

Кешенді тестілеу 28-1 желтоқсан аралығында компьютерлік форматта өтті. Магистратурада білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 6-12 желтоқсан аралығында жүзеге асырылды.

Білім беру гранттарын беру конкурсына барлығы 2029 адам қатысты.

Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу сертификаттарының балдарына сәйкес конкурстық негізде берілді.

Отырыс қорытындысы бойынша 1774 адам мемлекеттік білім беру грантының иегерлері атанды, оның ішінде бейіндік магистратура бойынша 100 грант.

Оқуға қабылдау 10 қаңтарға дейін жүзеге асырылады, ал оқу ЖОО-ның Академиялық күнтізбесіне сәйкес басталады.

Мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімімен ҚР ҒЖБМ Telegram-арнасы арқылы танысуға болады.

Барлық грант иегерлерін құттықтаймыз!

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...