«Академиялық ұтқырлық» бағдарламасымен дәріс жүргізуде
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 13 қаңтар 2023
  • 1087

«Академиялық ұтқырлық» бағдарламасымен дәріс жүргізуде

Елімізде кәсіби деңгейі жоғары, еңбек нарығында сұранысқа сай, қазіргі инновациялық технологияларды меңгерген мамандарды даярлау өте өзекті. Осы мақсатта «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы жүзеге асуда.

«Ішкі академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіндегі «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы (PhD) Нұржамал Ермұханова Қарағанды техникалық университетінде дәріс беруде.

 Педагог «Ғарыштық аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының 6В11201 – «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және  қоршаған ортаны қорғау» БББ бойынша “Еңбек физиологиясы және психологиясынан” студенттерге білім беруде.

Бүгінде «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» кафедрасы бірнеше шетел және қазақстандық ЖОО-мен байланыс орнатып, келісімшарт негізінде өзара тығыз қарым-қатынас жасауда.

Айта кету керек, «Академиялық ұтқырлық» – білім алушылардың (студент, магистрант) немесе оқытушы-зерттеушінің нақты бір академиялық мерзімге (оқу және өндірістік сараманнан өтуімен бірге, 1 семестрден кем емес) басқа ЖОО-ға (шетелдік, қазақстандық) барып білім алу немесе зерттеу жүргізуі. Оның ішінде «Ішкі академиялық ұтқырлық» – қазақстандық ЖОО-да білім алуы және оқытушылардың Қазақстандағы алдыңғы қатарлы білім беру ұйымы немесе ғылыми мекемелерде зерттеу жұмыстарын жүргізуі.

 

«Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» кафедрасы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...