Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің делегациясы Атырау қаласына барды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 16 қаңтар 2023
  • 1379

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің делегациясы Атырау қаласына барды

Университеттегі «Инжинирингтік технологиялар» кафедрасының профессор-оқытушылары Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің материалды-техникалық базасымен, академиялық және ғылыми қызметімен танысты.

Кездесу барысында екі университет арасындағы әріптестік байланысты нығайту, академиялық ұтқырлық, қос диплом, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру мақсатында келісімшарт жасалды.

Сонымен қатар, ғалымдар Атырау қаласындағы «Каспий мұнайгаз» ҒЗИ» - «КМГ Инжиниринг» ЖШС зертханасына барды.

WhatsApp Image 2023-01-16 at 11.58.49.jpeg

«Инжинирингтік технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Нұржан Сүлейменов  магистранттарды ғылыми іс-тәжірибеден өткізу, бірлескен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу бағытындағы қарым-қатынастарды нығайту мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде  «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ» ЖШС-дегі «Мұнай, су және тау жыныстарын геохимиялық зерттеу» зертханасының меңгерушісі Есімхан Сейтхазиев ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендіктерін жеткізді.

WhatsApp Image 2023-01-16 at 11.58.40.jpeg

WhatsApp Image 2023-01-16 at 14.46.47.jpeg

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...