Астана Ботаникалық бағымен ынтымақтастық туралы меморандум жасалмақ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 17 қаңтар 2023
  • 1230

Астана Ботаникалық бағымен ынтымақтастық туралы меморандум жасалмақ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Биология, география және химия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, б.ғ.к. Рахат Қурманбаев  Астана қаласындағы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Ботаника және фитоинтродукция иституты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Астананың ботаникалық бағы филиал директоры Медеу Ражанов және директор орынбасары Мархабат Каировамен кездесті. Кездесу барысында Астананың ботаникалық бағымен ынтымақтастық туралы Меморандум жасау мақсатында алдын ала келісімдер жүргізілді.

Сондай-ақ, ғылыми зерттеулер мен ғылыми-әдістемелік жұмыстары, тәжірибе алмасу, магистранттар және доктранттардың ғылыми тағылымдамадан өту жолдарын қарастыру, Қызылорда облысының флорасына ғылыми жұмыстар жүргізу, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Ботаникалық бағының түрлік қорын толықтыру жұмыстары жоспарланды.

Кездесу барысында Астананың Ботаникалық бақтың Шөл өсімдіктері - Суккуленттер оранжереясының түрлік  қорымен қызметкер Захар Лихобабин және Тропикалық өсімдіктері оранжереясының түрлік  қорымен қызметкер Любовь Петриканина таныстырды.

Image 01-17.jpeg

Image01-18.jpeg

Image01-19.jpeg

Image 1-19.jpeg

«Биология, география және химия» кафедрасы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...