ЛӘЗЗАТ ҚОЛДАСОВА: Климаттың өзгеруі мен су тапшылығы мәселелерін зерттеудемін
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 18 қаңтар 2023
  • 1149

ЛӘЗЗАТ ҚОЛДАСОВА: Климаттың өзгеруі мен су тапшылығы мәселелерін зерттеудемін

Ләззат Қолдасова – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау» білім беру бағдарламасының докторанты.
Жуырда Әзірбайжан республикасында ғылыми тағылымдамадан өтіп келген жас ғалыммен зерттеу жұмыстары туралы сұхбаттастық.
 
- Ғылым саласында қандай мәселенің шешілуіне үлес қосқыңыз келеді?
- Әлемде соңғы 8 жылда құрғақшылық процесі сезілуде. Бұл жер-су ресурстарын пайдалану бойынша шиеленіс тудырады. Әсіресе Арал теңізінің кебуіне байланысты мұндай құбылыс тұрғындарға қатты сезіліп, өңір үшін үлкен экологиялық-шаруашылық мәселелер туғызуда.
Сыр елінде басты дақыл – күріш. Бірақ соңғы жылдары су жетіспеушілігінен күріш алқаптарын азайту, тіпті тоқтату туралы ұсыныс бар. Қазіргі таңда Сырдария өзенінің төменгі ағысында күріш шаруашылығын жүргізу қажеттілігі бүкіл Қазақстанның өзекті мәселесі болып отыр. Осы ретте, өзекті мәселенің шешімін табуға өз үлесімді қосқым келеді. Қазіргі таңда климаттың өзгеруі мен су тапшылығы жағдайларына топырақты бейімдеу мәселелерін зерттеудемін.
 
- Бұл бағытта қандай ғылыми жұмыс жүргізілуде?
- Облыстың биоклиматтық ресурстарын пайдаланудың инновациялық технологиялары мен ғылыми нәтижелерді тиімді пайдаланудың кешенді шаралары әзірленіп, шешімін табу жолдары қарастырылмақ.
 
- Жақында Әзірбайжан елінде тәжірибеден өтіп келдіңіз. Қандай жаңашылдықпен таныстыңыз?
- Иә, Әзірбайжан Республикасы, Баку қаласындағы Әзірбайжан ғылым және білім министрлігіне қарасты «Топырақтану және агрохимия» институтында ғылыми тағылымдамадан өттім. Шетелдік ғылыми жетекшім «Топырақ мелиорациясы» зертханасының меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы М.Мұстафаев зертханалардың жұмысымен, институттың «Генетикалық ресурстар» институтының тәжірибелік учаскесімен және генетикалық қорымен таныстырды. Көптеген ақпаратпен танысып, мол тәжірибе жинадым.
 
- Бос уақытыңызда немен айналысасыз?
- Көркем әдебиет оқимын.
 
- Жастарға айтар кеңесіңіз...
- Оқу, оқу және оқу. Мұхтар Әуезовтің мына сөзіне ұнайды: халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім.
Расында, адам білімді, ақылды болса, оған әлемнің кез келген есігі ашық.
 
- Алдыға қойған мақсатыңыз қандай?
- Докторантураны аман-есен аяқтап, доктор PhD атағын қорғап шығу. Өзімнің жинаған тәжірибемді жастармен бөлісу.
 
Сұқбаттасқан Назерке ШАРАПАДДИН,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы.
 
 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...