«Қысқы мектеп»: Оқытушыларға сертификат табысталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 23 қаңтар 2023
  • 968

«Қысқы мектеп»: Оқытушыларға сертификат табысталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Қысқы мектеп» жобасының қатысушыларына сертификат табысталды.

«Қысқы мектепте» университеттің 100-ден астам оқытушысы «Педагогикалық технология: жоғары білім беру жүйесіндегі студенттік  орталықтандырылған оқытуды ұйымдастыру»   бағдарламасы     бойынша    біліктілігін жетілдірді.

Курс қатысушыларына Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Нұрсұлу Әлқожаева дәріс оқыды.

Курстың мақсаты – педагогикалық инновациялық технологиялар бойынша теория және тәжірибемен бөлісу. Биылғы қысқы мектеп бағдарламасы оқыту технологиялары мен әдістемелердің ерекшеліктеріне негізделді. Сондай-ақ, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту,  педагогикалық пәндерді оқытуға қатысты технологиялар, сыни технологиялардың қолданысы, мәселелік және жобалау әдістері бойынша жүргізілді.

Оқытушылар қысқы мектепке қатысу арқылы білімдерін жетілдіріп, білікті мамандардан тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алды.

Image01-23.jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...