АҚШ елшілігінің демеушілігімен университетте PUDP тренингі өтуде
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 25 қаңтар 2023
  • 1129

АҚШ елшілігінің демеушілігімен университетте PUDP тренингі өтуде

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде АҚШ елшілігінің демеушілігімен педагогикалық университетті дамытуға арналған PUDP тренингі өткізілуде. 23 қаңтарда басталған тренинг 15 апта бойы жүргізіледі.

P2137308.JPG

Тренингтің мақсаты  – орта мектеп, колледждердегі ағылшын тілінің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеудің заманауи әдістерін мұғалімдерге меңгерту, ағылшын тілін оқыту деңгейін дамыту. Сонымен қатар, тренинг орта мектеп, колледж бен университет арасындағы байланысты нығайта түспек. Дәрісті «Экономика және менеджмент» кафедрасының оқытушысы Бекзат Ырза жүргізуде.

Бүгінде тренингке орта мектеп, колледж мұғілімдері мен университеттің магистрант, докторанттары қатысуда. Атап өтелік, бұған дейін университетіміздің ағылшын тілі оқытушылары АҚШ елшілігінің PUDP тренингтеріне қатысып, біліктіліктерін арттырған болатын.

P2137311.JPG

P2137307.JPG

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...