Білікті су мамандарын даярлау – басты назарда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 01 ақпан 2023
  • 905

Білікті су мамандарын даярлау – басты назарда

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Қызылорда облысы шаруашылықтарының су мамандарымен қамтамасыздығы және оны жетілдіру мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.

Мәделхен Нәлібаев атындағы мұражайда ұйымдастырылған жиында «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасының профессоры Серікбай Қошқаров су мамандарын даярлауға қатысты ұсынысын жеткізді.

Ғалым өңірдегі 300 мың гектарға жуық инженерлік жүйедегі суармалы алқаптарды су маманы жеткілікті болған жағдайда ғана жоғары талаптарға сәйкес пайдалануға болатынын атап өтті.

IMGL8034.JPG

- Әр ауылдың егіс көлеміне сәйкес 2-3, әрі кеткенде 3-4 су маманы қажет. Ендеше, әр ауылдан қанша керек болса сонша сол ауыл үшін жанын салып іс атқаратын, өнегелі жас өркен қайта-қайта табылары күмәнсіз. Солардың ішінен ауылға керек су маманын дайындау үшін ауыл әкімі мен шаруашылық басшысы талапкерді таңдап, университетке ақылы негізде оқуға түсіреді. Ауылда су маманын қажетті қалыпқа жеткізудің қысқа да, тіке де, қателеспейтін жолы мен әдісі – осы, – деді Серікбай Қошқаров.

Жиында ғалымдар мен ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлер су мамандарын даярлауға қатысты пікірлерін ортаға салды.

Дөңгелек үстел соңында «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы, ҚР ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі Серікбай Өмірзақов ұсыныстарды ортаға салды.

IMGL8043.JPG

- Қазір Қызылорда облысындағы 500-ге жуық  шаруашылықта небәрі 30-ға жуық су маманы жұмыс атқарады. Осыған байланысты су мамандарының жетімсіздігі 250-300 маман. Мұндай жағдайда инженерлік жүйедегі суармалы алқаптарда күннен-күнге қоры азайып бара жатқан су ресурстарын тиімді пайдалану мүмкін болмайтыны анық. Сондықтан, өндіріліп жатқан ауылшарауашылық дақылдарының суару тәртібін ғылыми тұжырымдарға сәйкестендіру мен суармалы егіс мелиоративтік-экологиялық жағдайын жақсартып орнықтыру үшін жуық арада шаруашылықтарды су мамандарымен қамтамасыз ету қажет, – деді Серікбай Өмірзақов.

Сонымен қатар, шаруашылық басшылары су мамандарын даярлауға үлес қосуы керектігін, ұсыныстарды облыс шаруашылықтарында көлемді, қарқынды  тарату үшін үгіт-насихат топтар жасақтау қажеттігін, «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасына осы жолмен оқуға түскен студенттерге мүмкіндігінше өзгертілген оқу бағдарламалары дайындалып, шаруашылықтың табиғи, топырақ-мелиоративтік және өндірістік ерекшеліктеріне сәйкес білім алуына жағдай жасалуы керегін айтты.

IMGL8152.JPG

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...