Ақтоты Зарип: бір орында тоқтап қалмау керек
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 02 ақпан 2023
  • 872

Ақтоты Зарип: бір орында тоқтап қалмау керек

Жақында Лисаков қаласында Дзюдо күресінен жастар және қыздар арасында Кемаль Усмановты еске алуға арналған республикалық ашық турнир өтті.

Тартысты додада Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Ақтоты Зарип 63 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап, жүлделі І орын иеленді. Осы ретте спортшымызды жеңісімен құттықтап, сұқбаттасқан едік.

– Ақтоты, кезекті жеңісің құтты болсын. Алдымен өзің туралы айтып өтсең...

– Өзім Қызылорда облысының тумасымын. Қазір Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің дене шынықтыру мамандығында 3-курста білім аламын. Спорттың дзюдо, самбо, қазақ күресімен шұғылданамын.  

– Спортқа қалай келдің? Алғашқы бапкерің кім?

– Спортпен 9 жасымнан бастап айналысып келемін. Бұл салаға келуіме әпкем себепкер болды. Соның арқасында шыдамдылықты, жігерлі болуды үйрендім. Алғашқы бапкерім Жанар Дүйсекеновамен әлі де дайындық жүргізіп келемін.  Спортта босаңсуға болмайды. Әрқашан өзіңмен жұмыс жасауды талап етеді. Физикалық, психологиялық тұрғыдан жаттығуың керек. Осы тұрғыда бапкерімнің еңбегі зор.

– Спорттан бөлек бос уақытыңда немен айналысасың?

– Көбіне мотивациялық кітап оқыған ұнайды.

- Болашақта қандай жоспарың бар? Қазір қандай жарысқа дайындалып жүрсің?

- Қазіргі таңда жастар мен ересектер арасында Қазақстан чемпионаттарына дайындық жүруде. Мақсатым – Азия және Әлем чемпионатына қатысып, еліміздің көк байрағын желбірету.

– Өзіңнен кейінгі жас спортшыларға қандай кеңес бересің?

- «Бір орында тоқтап қалмау керек!» деген қағидамен жүремін. Өзімнен кейінгі жас спортшыларға айтарым, адал еңбек шыңға шығарады. 

- Сұқбатыңа рақмет! Алдағы жарыстарға сәттілік тілейміз!

WhatsApp Image 2023-02-01 at 16.22.45.jpeg

 

Сұқбаттасқан Назерке Шарападдин

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...