Университет ғалымдары сырдариялық оқушыларға кәсіби бағдар берді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 02 ақпан 2023
  • 967

Университет ғалымдары сырдариялық оқушыларға кәсіби бағдар берді

Кәсіптік бағдар беру – әрбір оқушының қабілетін ескере отырып, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу мақсатында атқарылатын жұмыс.

Осы мақсатта Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор оқытушылары Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылындағы №132 Т.Айтбаев атындағы орта мектебінде кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге университеттің «Инженерлі-технологиялық» институты, «Аграрлық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы Ибадулла Таутенов, «Математика және қолданбалы механика» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Ақмарал Қалыбаева, п.ғ.м., аға оқытушы Гулфайруз Маханова, «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» кафедрасының оқытушысы, п.ғ.м. Айша Айтуғанова және «Рекрутинг және мансап» басқармасының маманы Асқат Мырзабай қатысты. Сондай-ақ, жиынға мектеп директоры, орынбасарлары, мұғалімдер, сынып жетекшілері, бітіруші түлектер қатысты.

Мектеп оқушыларына университеттің материалды - техникалық базасы мен тарихы, мамандықтардың таныстырымы, бейнеролик көрсетіліп, буклеттер ұсынылды.

im_02.02.jpeg

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...