ХАБАРЛАНДЫРУ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 01 наурыз 2022
  • 2809

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі қоғамның Басқарма мүшесі - ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды.

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның орналасқан мекенжайы: Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29А.

Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта, ортадан кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметін көрсету болып табылады.

Қызметтің мақсаты сапалы білім алуға, ұлттық және адамзатқа ортақ құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаның қалыптасуы, дамуы мен кәсіби қалыптасуына бағытталған оқыту және сабақ беруге қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірленімдерді коммерцияландыру болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру ұйымдарында және (немесе) білім беру саласындағы уәкілетті органда немесе бейініне сәйкес басқа ұйымдарда басшы лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы, болмаса танымал шетелдік білім беру ұйымдарында оқуды бітіруі сондай ақ  Президенттік жастар кадр резерв құрамына кіруі.

Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар:

1) жиырма бес жасқа толмағандар;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасағандар;

3) өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы барлар;

4) арнайы медициналық мекемелерде есепте тұратындар;

5) ҚазақстанРеспубликасының заңнамасымен көзделген басқа да жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға кандидаттар келесі құжаттарды ұсынады:

1) бекітілген үлгідегі өтініш;

2) Конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) Конкурсқа қатысушының қызмет тізімі, бекітілген үлгідегі 3х4 мөлшердегі түрлі-түсті суретімен қоса;

4) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері, салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсыну арқылы:

5) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе соңғы) кадрлық қызмет куәландырған еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі;

6)денсаулығы туралы № 075/у үлгі бойынша медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

7) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жыл ішінде психоневрологиялық ұйымнан берілген  анықтама;

8) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жыл ішінде наркологиялық ұйымнан берілген  анықтама;

9) қылмыстық заңнамаға сәйкес қызметке орналасуға тыйым салынбағанын растайтын құжат.

Тиісті мемлекеттік органдар шектеу шараларын жүргізген, төтенше жағдайлар енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда Конкурсқа қатысушылар -көрсетілетін қызметтерді алушылар 6, 7 және 8 тармақшаларда көрсетілген құжаттарды тапсырмайды.

Конкурсқа қатысуға құжаттар қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жүргізіледі.

Конкурсты өткізу күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ-ң Корпоративтік хатшысына ұсыну қажет.  Қызылорда қ-сы, Әйтеке би көшесі, 29А, каб. 405, қызмет.тел.: 8 (7242) 26-38-45, ұялы тел.: 8-702-210-94-68, эл.пошта: gulshat_korkyt@mail.ru

Қызметтік тізім

Өтініш

"Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті" КЕАҚ Басқарма Төрағасын - Ректорды іріктеу және тағайындау және басқарма мүшелерін сайлау тәртібі 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...