Лицей оқушылары Мұстафа Шоқай мұраларымен танысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 06 ақпан 2023
  • 954

Лицей оқушылары Мұстафа Шоқай мұраларымен танысты

Мұстафа Шоқай мұраларын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Мұстафа Шоқай» ғылыми орталығында кездесу өтті. Кездесуге №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушылары қатысты.

20230127_111900.jpg

Жиында  Гуманитарлық педагогикалық институт директоры, орталық жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сағат Тайман ұлы күрескер Мұстафа Шоқайдың түркшілдік идеясының мән-мазмұны, оның азаттық жолындағы саяси күресі, Түркістан мұхтариятын құрудағы атқарған ерен қызметі, эмиграциядағы күрес жолдары мен  шығармалары туралы дәріс оқыды.

Сонымен қатар қайраткердің жары Мария Шоқай жайында қызықты деректер келтірді. Мектеп оқушыларына орталықтың ғылыми бағыты бойынша соңғы зерттеулер мен жасап жатқан жұмыстары туралы ақпаратпен бөлісіп, жазылған мақалалар мен табылған тарихи құжаттармен таныстырды.

20230127_113338.jpg

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...