Экономика және құқық институтында волейбол турнирі өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 07 ақпан 2023
  • 1129

Экономика және құқық институтында волейбол турнирі өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Экономика және құқық институтында қыздар арасында волейбол турнирі өтті.

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен спорттық шараға 1-курс студенттерінен құралған 7 команда қатысты.

Турнирде институт директоры Нұрлан Құлмырзаев қоғамның алдында тұрған басты проблеманың бірі – жастардың зиянды әдеттерге бой алдыруы, шылым, электронды темекі секілді заттарды қолдануы жиілей түскенін атап өтіп, салауатты өмір салтын сақтауға шақырды.

Волейбол турнирінде І орынды СР-22-5 оқу тобы, ІІ  орынды СР-22-1,5 оқу топтары, ІІІ орынды СР-22-3 оқу тобы иеленді.

Ал, «Үздік ойыншы» номинациясымен Ю-22-5 оқу тобының студенті Камила Сариева, СР-22-1 оқу тобының студенті Құндызай Батырбек, СР-22-3 оқу тобының студенті Дильназ Жарқынбекқызы, СР-22-5 оқу тобының студенті Нұрсұлу Нұралиева иеленді.

Айта кету керек, спорттық шараны институт директоры Нұрлан Құлмырзаев, директордың орынбасары Айболат Жусупов, институттың аға тәлімгері Эльмира Тойлыбекова, институт студенттер кеңесінің төрағасы Сұлтан Бегзада ұйымдастырды.

1.jpg

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...