Мәдениет саласының өкілдерімен кездесу өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 10 ақпан 2023
  • 1181

Мәдениет саласының өкілдерімен кездесу өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, педагогика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университетінің профессоры Сараш Қоңырбаева, Жалағаш аудандық маслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы, Жалағаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаевамен кездесу өтті. Сараш Сахиқызы мен Қаншагүл Шоңмұрынқызы – университеттегі «Музыкалық білім» мамандығының 1988 жылғы түлектері.

Кездесу барысында түлектер студенттік кездерінен қызықты естеліктер айтып, тәжірибелерімен бөлісті.

2.JPG

Жиында кафедра профессоры, п.ғ.к. Күлаш Қыдырбайқызы 1983-1988 жылдардағы студенттердің қалай білім алғанына тоқталып, түлектердің оқу орындарын ұмытпай келіп сәлем бергендеріне алғысын білдірді. Кездесу барысында кафедра оқытушысы, жас жырау Марат Сүгірбай Сырдың әндерінен домбыраның тиегін ағытса, жезтаңдай әнші, халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаттары Мақпал Иманайқызы мен Салтанат Арыстанқызы Мүлкаман Қалауовтың әні «Сағыныш», «Қызылорда вальсі» әндерін келген қонақтармен бірге тамылжыта орындады.
Кездесу соңында институт директоры Наку Бахаутдинұлы Сараш Сахиқызын университеттің «Үздік түлек» төсбелгісімен марапаттады.
Жиынға кафедраның профессор-оқытушылары, магистранттары, білім алушылары қатысты.

3.JPG

4.JPG

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...