Ғылымды қаржыландыру бойынша семинар өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 10 ақпан 2023
  • 1279

Ғылымды қаржыландыру бойынша семинар өтті

«Ғылым қоры» АҚ ұйымдастыруымен  «Технологияларды коммерцияландыру: жапон үлгісі» атты  семинары өткізілді. Семинар спикері ретінде «Ғылым қоры» АҚ Инвестициялар және жаңа жобалар департаментінің директоры, техника ғылымдарының кандидаты Құрманғазы Омаров баяндама жасап, «Жоғары деңгейдегі адам ресурстарын дамыту Жапондық үлгідегі инженерлік білім арқылы индустрия» тақырыбында маңызды ақпараттарымен бөлісті.

WhatsApp Image 2023-02-10 at 15.55.10.jpeg

Ғылымды қаржыландыру мен ғылыми зерттеу жұмыстарын өндіріске енгізудің озық үлгілерін жапондық моделдер негізінде үйлестіру мысалдары келтіріліп, еліміздің ғылым саласымен салыстырмалы анализдер жасалды. Ғылыми тақырыптар бойынша ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізудің озық үлгілері түсіндірілді.

Онлайн шараға еліміздің ЖОО профессор-оқытушылары, ғылыми зерттеу орталық қызметкерлері, университетіміздің ғалымдары белсене қатысып,  сала бойынша сауалдарына жауап алды.

WhatsApp Image 2023-02-10 at 15.55.10 (1).jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...