Кәсіби сертификаттаудан өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 13 ақпан 2023
  • 1113

Кәсіби сертификаттаудан өтті

Студенттердің кәсіби сертификаттаудан өтуі – ЖОО түлектерінің білім деңгейі мен дағдылары, кәсіби құзыреттілігінің маңызды көрсеткіші. Кәсіби сертификаттау білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді және университет түлектерінің жұмысқа орналасуына ықпал етеді.      

«Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» кафедрасының 6В07155 -  Электр энергетикасы (Электрмен жабдықтау) білім беру бағдарламасының 3-4 курс білім алушылары «Қазақэнергосараптама-Қызылорда» ЖШС-де кәсіптік сертификаттаудан өтті.

Студенттер «Электр қауіпсіздігі» курсында 72 сағат көлемінде оқудан өткеннен кейін «ІІІ топ электромонтері» біліктілігі бойынша аттестаттаудан өтті.

IMGL9399.JPG

Курсты ТМД елдерінің еңбек сіңірген энергетигі, «Қазақэнергосараптама-Қызылорда» ЖШС эксперті, аудитор Мейрамбай Ахметов жүргізді.

Курс барысында талқыланған сұрақтар:

- Электр жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау;

- Электр аппараттарын ажыратып-қосу кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау;

- Диэлектрлік қорғаныс құралдарын пайдалану;

- Электр құрылғыларын жерлестіру;

- Электр жабдықтарының жұмыс жасау режимдері;

- Электрдің адам ағзасына әсері;

- Электр жабдықтарымен жұмыс жасауды ұйымдастыру және техникалық шараларды қолдану

Кәсіби сертификат университет түлектерінің біліктілігі кәсіби ұйыммен бағаланып, мақұлданғанын дәлелдейді. Сертификаттау студенттердің жұмысқа орналасуына оң ықпал етеді, сондықтан студенттердің кәсіби сертификаттауға деген қажеттілігі жылдан-жылға артып келеді.

IMGL9416.JPG

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...