«Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша дәрістер сериясын жүргізуде
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 13 ақпан 2023
  • 1064

«Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша дәрістер сериясын жүргізуде

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіндегі «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» кафедрасы «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасын белсенді түрде іске асырған кафедралардың  бірі.

Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша 2022-2023 оқу жылының 2 – академиялық кезеңінде Ақтөбе қаласындағы Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің «Техникалық пәндер» кафедрасы мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» кафедрасы арасында келісімшарт жасалды.

Кафедраның аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты Зейнегүл Баймаханова Қазақ-Орыс халықаралық университетінің білім алушыларына «Өндірістегі қауіптілік тәуекелін бағалау» пәнінен 15 сағат көлемінде онлайн режимде дәріс оқуда.

Өзара алмасу негізінде Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің «Техникалық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, ж.ғ.м. Айдана Қыдырова Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» кафедрасының білім алушыларына «Техникалық жүйелер сенімділігі және тәуекелдікті басқару» пәнінен 15 сағат көлемінде дәріс оқуға қабылданып, бүгінгі күні сабақ жүргізуде.

 

«Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» кафедрасы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...