Томск политехникалық университетімен ынтымақтастық байланыс нығаяды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 14 ақпан 2023
  • 1172

Томск политехникалық университетімен ынтымақтастық байланыс нығаяды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары мен білім алушылары Ресей Федерациясының Томск политехникалық университетінде тәжірибе алмасуда.
Томск политехникалық университеті РФ жоғары оқу орындары арасында жоғарғы рейтингті білім ордасы болып табылады. Инженерлік бағыттардың кең ауқымы бойынша білім беру және зерттеу саласындағы көшбасшы және «Газпром», «Росатом», «Роснефть» және басқа да жоғары технологиялық компанияларының тірек университеті.

WhatsApp Image 2023-02-14 at 12.43.11 (1).jpeg

Университеттің биология, география және химия кафедрасының б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Рахат Құрманбаев пен инжинирингтік технологиялар кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Нұржан Сүлейменов Томск политехникалық университетінде тәжірибе жинақтауда. Ғалымдар геология бөлімінің, экология және табиғатты пайдалану білім беру бағдарламасының жетекшісі б.ғ.д., профессор Н.В. Барановская және геология бөлімінің басшысы – кафедра меңгерушісі, г-м. ғ.д. Н.В. Гусевамен кездесті. Алдағы Нәтижесінде ғылыми-білім беру бағытындағы ынтымақтастық аясында бірлесіп жүзеге асыратын жұмыстар  жоспарланды.

WhatsApp Image 2023-02-14 at 12.43.12 (1).jpeg    

Сонымен қатар, 2022-2023 оқу жылының ІІ академиялық кезеңінен бастап «қос диплом» бағдарламасы аясында Инжинирингтік технологиялар кафедрасының 7М07158 - Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) магистратура білім беру бағдарламасы бойынша Диас Рысмахан мен Нұрлыбек Ихтиёрұлы аталмыш университетте экология және табиғатты пайдалану білім беру бағдарламасы бойынша білім алуда.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...