Ұлытау облысы полиция департаменті бос жұмыс орындарын ұсынды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 15 ақпан 2023
  • 1450

Ұлытау облысы полиция департаменті бос жұмыс орындарын ұсынды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеттінің студенттері Ұлытау облысы полиция департаментінің қызметкерлерімен кездесті. Жиында бос жұмыс орындары туралы үгіт-насихат жүргізілді.

Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – проректор Дана Абдрашева университеттің жетістіктеріне тоқталып, бітіруші курс түлектер үшін жұмысқа орналасуға үлкен мүмкіндік екенін айтты. 
Полиция қызметі – мемлекеттік қызметтің бір түрі. Спикерлер ішкі істер органдары туралы пайдалы ақпаратпен бөлісіп, 3-4 курс студенттерін тәжірибеден өтуге шақырды. Кездесуде Ұлытау ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Марлен Мақсұтұлы мен Жаңаарқа ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Нұрдәулет Елгелдіұлы қатысушыларға полиция қызметкерлеріне берілетін мүмкіндіктер туралы мәлімдеді. 

WhatsApp Image 2023-02-15 at 17.07.03.jpeg

«Биылдан бастап полиция қызметкерлерінің үй жалдау ақысы елу мың теңгеге көтерілді. Егер отбасылы болса, әр жанұя мүшесіне жеке төленеді. Айлық жалақы бойынша сержант шеніндегі қызметкер - 100-150 мың теңге, офицер шенін алғандар 250 мың көлемінде қаражат алады. Бір жыл еңбек өтілімі 1,5 жыл ретінде есептеліп, зейнетке 35-40 жаста шыға алады. Сондай-ақ, білімін жетілдіремін деген қызметкерлерге де мүмкіндіктер көп. Бізге жас мамандар аса қажет. Сіздер сияқты жастарды тәрбиелеп, ішкі істер органдарының беделді қызметкері етіп шығарсақ – үлкен мәртебе»,-деді  Марлен Мақұтұлы. 

Ұлытау облысы – 3 қала, 2 ауданнан құралған. Қазіргі таңда Ұлытау облысы полиция департаментінде 300-ге жуық бос лауазымдар бар. Сондықтан заңгер, экономист, бухгалтер, техник мамандарға сұраныс жоғары. Кездесу барысында спикерлер студенттердің сұрақтарына жауап беріп, ашық сұқбат жүргізді.

WhatsApp Image 2023-02-15 at 17.07.10.jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...