Президент кеңесшісі білім алушылармен кездесті  
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 16 ақпан 2023
  • 1179

Президент кеңесшісі білім алушылармен кездесті  

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары және білім алушылары, жас зерттеушілермен кездесті.

Жиынға университетттің Басқарма төрағасы – ректоры Бейбіткүл Кәрімова, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

IMGL9737.JPG

IMGL9788.JPG

Кездесуде Президент кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы елімізде жастардың тұлғалық дамуына, білім алуына барынша жағдай жасалғанын атап өтті. Қазіргі бәсекелестік заманда жастардың нақты мақсаты болуы керегін, кітап оқитын, үздіксіз ізденетін, интеллектуал ұрпақ қана жарқын болашақты қалыптастыратынына тоқталды.

Ал, білім алушылар еңбек нарығына қажетті мамандардың даярлануы, жетістіктер формуласы, жастардың дамуына қатысты сұрақтарын қойды.

Жиын соңында Мәлік Нұржанұлы университеттегі «Археология және этнография ғылыми зерттеу» орталығының көрме залымен танысты.

IMGL9853.JPG

IMGL9753.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...