Университет ғалымы Томск политехникалық университетінде дәріс жүргізді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 16 ақпан 2023
  • 1211

Университет ғалымы Томск политехникалық университетінде дәріс жүргізді

«Биология, география және химия» кафедрасының биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Рахат Құрманбаев Томск политехникалық университетінің білім алушылары және оқытушы-профессорларына «Жалпы биосфера» пәнінің «Экологияның жаһандық мәселелері. Арал теңізінің голоцендік тарихы: оның қазіргі жағдайын түсіну үшін өткен сабақтар» модулі аясында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша дәрістер сериясын жүргізді.

6.jpeg

 Дәрістер циклі Арал теңізі құрғауының салдары, Арал өңірінің экожүйелерін зерттеу бағыттары, Кіші Аралдың қалпына келтірілуі туралы деректерді қамтыды.  
Сондай-ақ, Қызылорда облысының биологиялық әртүрлілікті сақтау мәселесі, Арал өңірінің биотасына антропогендік әсерін жан-жақты бағалау мүмкіндіктері, өңірдің флорасы мен фаунасына мониторинг жүргізу, Кіші Арал экожүйесін сақтау, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін ұқыпты қарауға дағдыландыру туралы мәліметтер, іргелі және қолданбалы зерттеу нәтижелері негізінде тындаушылар назарына ұсынылды.

7.jfif

«Биология, география және химия» кафедрасы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...