«Қазақстандық ЖОО-лардың жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру: Мүмкіндіктері мен перспективалары»
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 21 ақпан 2023
  • 1106

«Қазақстандық ЖОО-лардың жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру: Мүмкіндіктері мен перспективалары»

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде  «Қазақстандық жоғары оқу орындарының жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру: Мүмкіндіктері мен перспективалары» атты онлайн семинар өтті. Семинарды QS аймақтық өкілі Сергей Христолюбов жүргізді.

Жиында спикер QS Asia University Rankings талаптары, қазақстандық ЖОО-лардың әлемдік рейтингтегі туралы атап өтті.

Айта кету керек, биыл «QS Asia University Rankings – 2023» рейтингінің нәтижесі бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ТОП-551-600 Азияның үздік жоғары оқу орындарының қатарына енді. Рейтингті Quacquarelli Symonds (QS) британдық компаниясы өткізді.

WhatsApp Image 2023-02-21 at 17.20.30.jpeg

WhatsApp Image 2023-02-21 at 17.20.31.jpeg

2023 жылғы Asia Rankings – осы кезге дейін ең ауқымды түрде өткен рейтинг. Биыл рейтингке 23 елдің 760 университеті енді. Олардың қатарында Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг, АӘА, Сингапур, Пәкістан, Иран, Үндістан, Малайзия, Вьетнам, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан және т. б. елдердің оқу орындары бар.

Рейтингте университеттердің академиялық білім беру сапасы, жұмыс берушілер арасындағы беделі, ғылыми педагогикалық құрам мен студенттердің арақатынасы, бір қызметкерге шаққандағы жарияланымдар саны, халықаралық ғылыми байланыстар бойынша көрсеткіштері сараланды. Сондай-ақ, университеттің интернеттегі имиджі, PhD дәрежесі бар қызметкерлердің үлесі, бір мақаладағы дәйексөздер саны, шетелдік қызметкерлер және шетелдік студенттер үлесі де ескерілді.

Онлайн семинарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Бейбіткүл Кәрімова жоғары білім беру саласын дамыту тақырыбына тоқталды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...