ҒАЗИЗА МАХАЕВА: «Шетелде білім алу –  таным көкжиегіңді кеңейтеді»
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 23 ақпан 2023
  • 969

ҒАЗИЗА МАХАЕВА: «Шетелде білім алу –  таным көкжиегіңді кеңейтеді»

Қазір білімді жастардың шетелде білім алуына мүмкіндік көп. Соның бірі – «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы. Жуырда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 7 студенті «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша Польша елінің Лодзь университетінде білімін жетілдіріп келді.  

Шетелде білім алудың артықшылығы мен мүмкіндіктері туралы «Шет тілі мұғалімдерін даярлау» мамандығының 3-курс студенті Ғазиза Махаевамен сұқбаттастық.

– Ғазиза, елге қош келдің! Польшада білім алу саған қандай мүмкіндік сыйлады?

- Шетелге барып, өзге елдің мәдениетін көріп қайтудың өзі жастар үшін үлкен тәжірибе деп ойлаймын. Польшада болашақ мұғалім ретінде профессорлардың білім беру әдіс-тәсілдеріне мән беріп, жаңа дағдыларды игердім. Оқимын деген адамға әлемнің кез келген есігі ашық екен.

Көп жастардың арманы – шекара асып білім алу. Бізбен салыстырғанда қандай айырмашылықтар бар?

- Ең бірінші ұнағаны - студенттердің пәндерді өздерінің таңдауы. Белгілі бір топ, ол топтың жетекші-эдвайзері деген жоқ. Әркім қатысқысы келетін сабаққа қатысады.  Сондай-ақ, бакалавриат бізде 4 жыл болса, ол жақта 3 жыл оқиды. Оқу жылы бізде қыркүйектен басталса, Польшада қазан айынан басталады. Шетелде оқудың тағы бір пайдасы әлемнің әр түкіпірінен жаңа достар табасың.

– Өзге ұлт өкілдерімен түсінісу қиын болмады ма? Қандай қызықты оқиғалар есте қалды?

- Шетелде «сен қазақсың», «сен қытайсың» деген бөліну жоқ. Керісінше, бір-бірінің ұлтына құрмет көрсетеді. Бір күні поляк қыздармен жоба қорғайтын болдым. Өзара өз тілдерінде сөйлесіп жатты. Мен түсінбеген соң, маған ағылшынша түсіндірді. «Біз сабақтар арасындағы бос уақытты айттық, саған біртүрлі көрінер, бірақ біз оны «окно» деп атаймыз» деді. Мен ойланып қалып, «бізде солай атаймыз» дедім. Мен үшін қызықты жағдай, себебі мәдениетіміз, тілдеріміз әртүрлі болғанмен, бәрібір ортақ ұқсастықтар болады екен.

Замандастарыңа қандай кеңес берер едің?

- Тіл үйреніңіздер дегім келеді. Көп тіл білу түрлі мүмкіндіктерге жол ашады. Ағылшын тілін тәжірибеде қолданып, атмосферасын толығымен сезінуге керемет мүмкіндік бар. Шетелге шығу арқылы тек біліміңді арттырып қана қоймай, таным көкжиегіңді де дамытасың.

– Сұқбат үшін рақмет!

WhatsApp Image 2023-02-23 at 11.43.41.jpeg

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...