Университет кәсіподақ ұйымының төрағасы сайланды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 23 ақпан 2023
  • 1134

Университет кәсіподақ ұйымының төрағасы сайланды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде профессор—оқытушылар, құрылым басшыларының қатысуымен жиын өтті. 

Басқосуда университтегі кәсіподақ ұйымының төрағасы Айтжан Оразбақов ұйымның 2022 жылғы жұмысы туралы есеп беріп, кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғау бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Бүгінде кәсіподақ ұйымының 1002 мүшесі бар. Ұйымның құрамына 7 бастауыш кәсіподақ ұйымы кіреді. Өткен жылы кәсіподақ қаржысы негізінен мәдени іс-шараларға, қайырымдылық көмекке, спорттық шара жеңімпаздарын марапаттауға жұмсалған.

Жиында тарих ғылымдарының кандидаты, қайымдастырылған профессордың м.а Айтжан Оразбақов университеттегі кәсіподақ ұйымының төрағасы болып қайта сайланды.

IMGL0118.JPG

IMGL0092.JPG

Айта кету керек, 2023 жылы білім алушылар контингенті 10 мыңнан асты.

Қазір білім ордасында 5 институт, 24 кафедра, 5 ғылыми орталық қызмет етеді. Жалпы профессор-оқытушылар құрамы 560 адамды құрайды. Оның ішінде 22 ғылым докторы, 176 ғылым кандидаты, 37 философия докторы (PhD) бар.

IMGL0107.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...