Қызылордалық студентке ел Президентінен хат келді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 24 ақпан 2023
  • 1315

Қызылордалық студентке ел Президентінен хат келді

Мемлекет басшысынан Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Ақжайық Тәжіге хат келді.

Ел Президенті хатында «Құрметті Ақжайық! Сенің жетістіктеріңе риза болдым. Еліміздің болашағы өзің сияқты белсенді әрі талапты жастардың қолында екені анық.

Мемлекет өскелең ұрпақтың білім алуына барлық жағдайды жасап келеді. Осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, көп оқып, тынбай іздену өте маңызды.

Оқуды жақсы бітіріп, мықты маман болуыңа және ел игілігіне қызмет етуіңе тілектеспін!» делінген.

Ақордадан келген Президенттің хаты мен сыйлығын студентке облыс әкімінің орынбасары  Нұрымбет Сақтағанов тапсырды.

Айта кету керек, студент Ақжайық Тәжі Президенттің жастарға көрсетіліп отырған қолдауы үшін хат жазған. Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асып жатқан жобалар нәтижесінде Ақжайық Тәжі халықаралық, республикалық деңгейдегі жетістіктерге қол жеткізген.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы студентке жарқын болашақ тіледі. Сондай-ақ Президенттің артқан үмітін ақтайтынына сенім білдірді.

WhatsApp Image 2023-02-24 at 16.28.20.jpeg WhatsApp Image 2023-02-24 at 16.28.54.jpeg

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...