Қазақстандық жоғары оқу орындары мемлекеттік басқару саласының мамандарын бірлесе даярлайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 24 ақпан 2023
  • 1160

Қазақстандық жоғары оқу орындары мемлекеттік басқару саласының мамандарын бірлесе даярлайды

Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен «Мемлекеттік басқару», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Адами ресурстарды басқару» бағыттары бойынша маман даярлайтын қазақстандық жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек шараның ашулы салтанатында сөйлеген сөзінде елімізде мемлекеттік басқару саласы, HR қызметі бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілуі керек екенін атап өтті.

WhatsApp Image 2023-02-24 at 17.52.59.jpeg

«Қазіргі таңда елімізде 30-дан астам жоғары оқу орны мемлекеттік басқару саласы бойынша маман даярлайды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен және Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесе отырып, білім бағдарламасын жаңартуымыз қажет. Мемлекетік басқару жүйесін қайтадан зерттеуіміз керек. Себебі, цифрлық күш көп нәрсені өзгертіп жатыр. Ал мемлекеттік қызмет жаһандық өзгерістерге дайын болуы керек. Бірлескен жұмыстың аясында магистранттар мен докторанттар мемлекеттік қызмет жүйесі, HR қызметі бойынша қолданбалы зерттеулермен айналысатын болады», – деді министр.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартай университет тарапынан меморандумға қол қою рәсіміне қатысты.

Алдағы уақытта меморандум аясында ортақ зерттеулер жүргізу, білім беру бағдарламаларын бірлесе әзірлеу және қолданысқа енгізу, мемлекеттік басқару және HR саласы бойынша сарапшылар пулын құру жоспарланған.

Құжатқа қол қою рәсімінен кейін тараптар Меморандум аясында жүзеге асырылатын іс-шаралар бойынша дайындалған Жол картасын талқылады. Енді жоғары оқу орындарының докторанттары мен магистранттары мемлекеттік органдарда практикадан және тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...