Қызылордалық ғалымдар 6 миллион теңгеден сыйақы иеленді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 27 ақпан 2023
  • 1009

Қызылордалық ғалымдар 6 миллион теңгеден сыйақы иеленді

Астанада жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларын марапаттау рәсімі өтті. Байқау жеңімпаздарына 6 млн теңге сыйақы берілді. Марапаттарды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек табыстады.

Байқау нәтижесі бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Дизайн және технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, профессор Жұлдыз Смаилова, «Аграрлық технологиялар» кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Лаура Тохетова, «Физика және математика» кафедрасының академиялық профессоры, физика – математика ғылымдарының кандидаты Шералы Ибраев республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атанды. 

WhatsApp Image 2023-02-27 at 11.54.18.jpeg

Салтанатты рәсімде оқытушыларға қаржылай ынталандырумен қатар төсбелгі де табысталды.

Байқауда еліміздегі 43 жоғары оқу орнының 150 оқытушысы жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы 2000 АЕК (6 млн 126 мың теңге) сыйақы алды.

«Біз үшін оқытушыларды ынталандыру және мамандықтың беделін арттыру маңызды. Бүгін біз залда еліміздің жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларын жинадық. Министрлік атынан Сіздерге таңдаған істеріңізге адалдықтарыңыз және жоғары кәсіби біліктіліктеріңіз үшін алғыс айтамын. Алдымызда тұрған негізгі басымдықтардың бірі – зерттеу экожүйесін қалыптастыру және ғылыми әлеуетті арттыру. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарын цифрлық жоғары оқу орындарына трансформациялау қажеттігін атап өту қажет. Құрметті әріптестер, мұның бәрі сіздердің еңбектеріңіздің арқасында ғана мүмкін болмақ!», – деді салтанатты жиындағы сөзінде министр Саясат Нұрбек.

Іс-шараға қонақ ретінде қатысқан ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп те оқытушыларды құттықтады.

Айта кетейік, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2022» байқауына еліміздің 71 оқу орнынан барлығы 775 үміткер қатысты.

Республикалық конкурстық комиссияның шешімімен сайыста электронды оқу ресурстарын, оқу материалдарын әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және т.б. сияқты көрсеткіштер бағаланды. Сондай-ақ, үміткердің оқыту сапасы, оның бакалавриатта, магистратурада және докторантурада кадрлар даярлау қызметіндегі еңбегі ескерілді.

WhatsApp Image 2023-02-27 at 11.53.56.jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

                                       



 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...