Сала мамандары болашақ тергеушілермен кездесті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 27 ақпан 2023
  • 1062

Сала мамандары болашақ тергеушілермен кездесті

Облыстық Полиция департаменті Тергеу қызметінің 60 жылдығына орай "Болашақ тергеушілер" бағдарламасы аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесу өтті. 

WhatsApp Image 2023-02-27 at 16.14.45.jpeg

WhatsApp Image 2023-02-27 at 16.14.46.jpeg

Шараға Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әміржан Өтегенов мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма мүшесі-Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнұр Бөрібаева, «Құқықтану» кафедрасының ұжымы қатысты.
Кездесу барысында университеттің құқықтану мамандығы бойынша дуалды білім берудің артықшылығы,  тергеу қызметі туралы құнды ақпараттар берілді. Сала мамандары болашақ тергеу қызметіне қызығушылық танытқан жастармен сұхбаттасып, жеке ойларымен бөлісті. 
Сонымен бірге, ішкі істер саласына қызметке тұрудың ережесі мен қызметкерлерге қойылатын талаптар туралы айтылды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...