Қызылордалық жас ғалымның зерттеуі патент алды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 28 ақпан 2023
  • 1179

Қызылордалық жас ғалымның зерттеуі патент алды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің магистранты Айдана Болатбекқызының «Қазақ әйелдеріне арналған киімдер жиынтығы» жобасы патент иеленді.

Жоба бұған дейін университеттің «Дизайн және технология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Ләззат Шілдебаеваның жетекшілігімен Оңтүстік Корея республикасының Сеул қаласында өткен халықаралық көрмеге ұсынылды.

«Зерттеумен айналысқаныма бір жарым жылдай уақыт болды. Осы уақыт аралығында 2 мақаламыз Германияның «Foundations and Trends in Modern Learning» журналына жарияланды. Жетекшім ұлттық мәдениетімізді терең зерттеуге, шығармашылығымды шыңдауға бағыт берді. Үлкен еңбектің арқасында зерттеу жұмысымыз нәтижелі болды»,  – деді Айдана Болатбекқызы.

WhatsApp Image 2023-02-28 at 15.55.57 (1).jpeg

«Қазақ әйелдеріне арналған киімдер жиынтығы» жобасы  – ұлттық нақыштағы заманауи киімдер үлгісі. Қамзолы мен бас киімі барқыттан, белдемшесі жібек матадан жасалған. Силуэті жартылай қынамалы,  ұзындығы белден төмен, камзолдың жеңі сәл кеңейтілген. Камзолдың алдыңғы және кеуде бөліктері, сондай-ақ жеңі мен бас киімнің алдыңғы жағы күміс жіппен безендірілген. Белдемшесі ұзын, сегіз қатар желбірлі.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...