Университет ғалымдары Ұлттық ғылыми кеңес құрамына қабылданды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 28 ақпан 2023
  • 1136

Университет ғалымдары Ұлттық ғылыми кеңес құрамына қабылданды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары 3 бағыт бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі атанды.

«Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология» бағыты бойынша «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхананың жетекшісінің м.а, профессор Нұрбол Аппазов, «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» бағыты бойынша «Аграрлық технологиялар» кафедрасының профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Лаура Тохетова, «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер» бағыты бойынша философия докторы (PhD) Нұрғали Ақылбеков қабылданды.

Айта кету керек, «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Ереженің 7-тармағына сәйкес қазақстандық ғалымдарды кеңестердің құрамдарына іріктеу өзінен өзі дәйексөз алу бойынша  есепке алынбаған. Web of Science және  Scopus халықаралық базаларына сәйкес соңғы 5 жылдағы олардың жарияланымдарынан дәйексөздердің алыну саны бойынша сараланған тізім негізінде жүргізілді.

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...