Таза парақтан жаңа реттеу саясаты: негізгі тәсілдер
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 03 наурыз 2023
  • 1726

Таза парақтан жаңа реттеу саясаты: негізгі тәсілдер

2020 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «таза парақтан реттеу» саясатын енгізуді тапсырды.

Осы тапсырманы іске асыру үшін Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы әзірленіп қабылданды.

№ 95-VII «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

«Таза парақтан» реттеу - бұл кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуге деген көзқарас, ол мұндай реттеуді адамдардың өмірі мен денсаулығына, экожүйелер мен құқықтық тәртіпке объективті түрде қауіп төнген жағдайларда ғана шектейді. Бұл тәсіл мемлекеттік органдарды бизнеске қойылатын талаптарды дәлелді, іс жүзінде орындалатын, қолжетімді баяндалған және екі жақты түсіндіруге жол бермейтін етіп тұжырымдауға міндеттейді.

WhatsApp Image 2023-03-02 at 10.45.50 (2).jpeg

WhatsApp Image 2023-03-02 at 10.49.27.jpeg

Жаңа реттеуші саясатты «таза парақтан» түсіндіру мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023 жылғы 17-24 ақпан аралығында Қазақстанның үш қаласында (Астана, Алматы, Шымкент) өткен семинарларды өткізуге бастамашылық жасады. Семинарда келесі мәселелер қаралды: «Таза парақтан жаңа реттеу саясаты: негізгі тәсілдер (спикерлер: Талғат Ешенқұлов, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі; Гүлзат Көбенова, ҚР ҰӘҚ ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің төрағасы);

Білім беру бағдарламаларының тізілімі: өзекті мәселелер (спикерлер: Айдос Мұхатаев, жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының директоры);

Қарастырылып отырған мәселелер ЖОО өкілдері тарапынан үлкен қызығушылық тудырды, спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісті, ҚР жоғары оқу орындарының жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар айтты, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы мәселелер бойынша көптеген сұрақтарға жауап берді.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...