Әйелдер арасында волейбол және дартс спорт түрлерінен жарыс өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 03 наурыз 2023
  • 1170

Әйелдер арасында волейбол және дартс спорт түрлерінен жарыс өтті

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде волейбол және дартс спорт түрлерінен дәстүрлі жарыс өтті.

Салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестер арасындағы байланысты нығайту мақсатындағы шараға университет бойынша 70-ке жуық қызметкер қатысты.

Турнир жеңімпаздарын марапаттау салтанатына Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Стратегиялық даму және қаржы жөніндегі проректоры Нұрлан Уразбаев, кәсіподақ комитетінің төрағасы Айтжан Оразбақов, оқытушы-профессорлар, білім алушылар және БАҚ өкілдері қатысты.

- Әйелдер қауымы – отбасының алтын қазығы. Олар мейірім мен нәзіктіктің символы. Олар еліміздегі әлеуметтік-экономикалық салалалардың дамуына елеулі түрде үлес қосуда.

P2144301.JPG

P2144248.JPG

Жыл сайын университетте әйелдер арасындағы волейбол және дартс спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылады. Бұл – ұжымның бірлігін, ұйымшылдығын арттыру мақсаындағы дәстүрлі спорттық шара. Қазақ «дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Жастар сіздерге қарап бой түзейді, – деді Нұрлан Жеткергенұлы.

Турнир қорытындысы бойынша волейбол жарысында І орынды Жаратылыстану институты, ІІ орынды ректорат құрамасы, ІІІ орынды Инженерлі-технологиялық институтының құрамасы иеленді.

Ал дартс жарысының қорытындысы бойынша І орынды Инженерлі-технологиялық институты, ІІ орынды Гуманитарлық педагогикалық институты, ІІІ орынды Жаратылыстану институтының құрамасы иеленді. 

Жеңімпаздарға университеттің кәсіподақ комитеті тарапынан дипломдар мен сыйақы табысталды. Сондай-ақ, үздік ойыншылар 6 номинация бойынша марапатталды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 



 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...