Профессор Ұлжан Жанбершиева атындағы дәрісхана ашылды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 03 наурыз 2023
  • 1392

Профессор Ұлжан Жанбершиева атындағы дәрісхана ашылды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіндепрофессор, филология ғылымдарының кандидаты Ұлжан Жанбершиева атындағы дәрісхана ашылды.

Салтанатты жиында Ұлжан Нахатқызына Ғылым және Жоғары оқу орындары Қауымдастығының "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы алтын медалі" табысталды. Басқосуда Басқарма мүшесі - стратегиялық даму және қаржы жөніндегі проректор Нұрлан Уразбаев ғалымның ғылым мен білім саласына қосқан еңбегіне тоқталды.

IMGL0669.JPG

«Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ғылым мен білім саласының дамуына зор үлес қосқан ғалымдардың есімін ұлықтауды дәстүрге айналдырды. Бұл – кейінгі үш жылда демеушілер қаржысы есебінен қайта жаңартылған он бесінші дәрісхана. Профессор атындағы дәрісхана бұдан былай университет білім алушыларының сапалы білім алуына қызмет ететін болады»,-деді Басқарма мүшесі - стратегиялық даму және қаржы жөніндегі проректор Нұрлан Уразбаев. 
Профессор 1983 жылдан бастап бүгінге дейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасында ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, профессор қызметтерін абырой атқарып келеді.  Ғалымның 12 оқу-әдістемелік құралы, 2 монографиясы, 4 әдеби-зерттеу еңбегі мен 250-ден астам ғылыми мақаласы жарық көрген. 

IMGL0780.JPG

Саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеп, сапалы кадр дайындауға арнаған Ұлжан Нахатқызы «Қорқыт Ата атындағы Алтын медалімен», «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» және «ҚР-ның Ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған. 
«Ұлжан Нахатқызы – ұлттық интелегенцияның біраз өкілдерін дайындап келе жатқан ұстаздар қауымынң жарқын өкілі. Бізге әрі жетекші, әрі анамыз ретінде ет жақын тұлға. Ұстазымыздың ағарту саласындағы еңбегі орасан зор»,-деді «Ұлттық кино мен өнерді қолдау орталығы» Акционерлік қоғамы төрағасысының орынбасары Абзал Мұхимов. 
Айта кетейік, тұсаукесер салтанатында лента қию рәсімі техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Алдабергенұлы мен экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Қазыбай Құдайбергенұлына берілді. 
Салтанатты жиынға зиялы қауым өкілдері, ардагер ұстаздар, профессор-оқытушылар мен білім алушылар, ғалымның шәкірттері мен замандастары қатысты.

IMGL0629.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...