Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті халықаралық әйелдер күнін атап өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 03 наурыз 2023
  • 1261

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті халықаралық әйелдер күнін атап өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай «Анаға тағзым – ұлтқа тағзым» атты салтанатты жиын өтті. Шараға белгілі қоғам қайраткерлері, университеттің профессор-оқытушылары мен білім алушылары қатысты. 

IMGL0840.JPG

«Әйелдер қауымы күн сайын еліміздің дамуына үлес қосып келеді.  Олар –мемлекеттік қызмет пен қоғамдық істе, білім, медицина, спорт, кәсіпкерлік саласында тамаша табыстарға қол жеткізіп, саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі.

Қазір Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіндегі профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің 67 пайызын әйелдер құрайды. Олар білім мен ғылым саласының дамуына, сапалы кадр даярлау жұмысына белсене атсалысуда»,-деді Басқарма төрағасы-ректордың м.а., Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – проректор Дана Абдрашева.

IMGL0814.JPG

Шара марапаттау рәсімімен жалғасты. Сыр елінің іргелі оқу орнында еңбек етіп, өңірдің дамуы мен гүлденуіне үлес қосып жүрген әріптестер құрмет төрінен орын алды. Жоғары білікті мамандар даярлауға еңбек сіңіріп, өз саласының кәсіби шебері саналатын  университеттің стратегиялық дамуына үлес қосқан 50 нәзік жандыға Басқарма төрағасы-ректордың арнайы марапаты табысталды. Салтанатты шара эстра жұлдыздарының мерекелік концертімен қорытындыланып, қатысушы әйелдер қауымына ықылас гүлдері ұсынылды.

IMGL1229.JPG

IMGL1112.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...