Пәндік олимпиада жеңімпаздарына 14 білім гранты табысталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 07 наурыз 2023
  • 1237

Пәндік олимпиада жеңімпаздарына 14 білім гранты табысталды

Қызылордада жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау шарасы өтті.

Олимпиаданың Алтын медаль иегері атанған 14 бітіруші түлекке Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім гранты табысталды. Грантты оқушыларға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева табыстады.

Салтанатты шараға арнайы облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет қатысып, үздіктерді марапаттады.

- Бүгінгі жеңімпаздар – ертеңгі облыс үміттері. Сіздерге артылар жүктің жауапкершілігін сезініп, алға қарай қадам басуда аймақ сенімін ақтайды деп ойлаймын. Алдағы қорытынды кезеңге сәттілік тілей отыра, оқудағы бастамаларыңыз оңынан болып, алар асуларыңыз мол болсын, - деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

IMGL0545.JPG

IMGL0597.JPG

Облыстық кезең жаратылыстану-математика, қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы 13 пән бойынша ұйымдастырылып, 426 оқушы білімдерін сынады.

Үздік деп танылған 223 оқушы облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Сонымен қатар, 39 оқушы І орын - Алтын медаль иегерлері атанса, 69 оқушы ІІ орын – Күміс медальді иеленді, ал ІІІ орын – Қола медальді 115 оқушы иеленді.

Білім бәсекесіндегі үздік командалар марапатталып, арнайы номинация иегерлері де анықталды. Олардың қатарында І дәрежелі «Ең үздік олимпиадалық команда - 2023» - №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты, ІІ дәрежелі «Ең үздік олимпиадалық команда - 2023» - №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты, ІІІ дәрежелі «Ең үздік олимпиадалық команда - 2023» - Қызылорда қаласы лайық деп танылды. Сондай-ақ, ең үздік аудан номинациясымен 12 ұпай жинаған – Арал ауданы марапатталса, Н.Крупская атындағы №14, №277 мектеп-лицейі ең үздік қала мектебі номинациясына ие болды. Ал олимпиаданың жұлдызы номинациясы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Бақытов Арман Еркінұлына бұйырды.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...