Кореялық делегация қызылордалық ғалымдармен кездесті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 10 наурыз 2023
  • 1104

Кореялық делегация қызылордалық ғалымдармен кездесті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Оңтүстік Корея Республикасының Чоллабук-до провинциясының өкілдерімен кездесу өтті.

Жиында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы – Ректордың м.а, Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – проректор Дана Абдрашева білім ордасында Сеул ұлттық ғылым мен технология университетінің инженерлік мектебі ашылатынын атап өтті.

IMGL2877.JPG

Чоллабук-до провинциясының сыртқы ынтымақтастық департаменті, халықаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі Сон Хе Вон провинцияда 18 жоғары оқу орны бар екенін айтып, университеттердің ерекшелігімен таныстырды.

Кездесу барысында екі жақты әріптестік байланысты нығайту мақсатындағы ұсыныстар айтылды.

Алдағы уақытта, екі мемлекеттің профессор-оқытушылары тәжірибе алмасып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге уағдаласты. Сондай-ақ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің технопаркін құру, дамыту мәселелері талқыланды.

IMGL2703.JPG

Айта кету керек, жиынға Чоллабук-до провинциясының халықаралық қатынастар орталығы, халықаралық байланыс және ынтымақтастық департаментінің директоры Чо Хана, Чоллабук-до провинциясының сыртқы ынтымақтастық департаменті, халықаралық ынтымақтастық тобының координаторы Ли Джи Вон және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің проректорлары, ғалымдары қатысты.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...